«Денсаулықты сақтау, зиянды әдеттер және олардың салдары»

15.11.2024

14 қараша күні Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің студенттерімен медициналық қызметкер А.К. Капарова «Денсаулықты сақтау, зиянды әдеттер және олардың салдары» тақырыбында кезекті әңгіме өткізді. Әңгіме өткізудің мақсаты студенттерді өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, денсаулықты сақтау қажеттілігін түсіндіру және олардың көзқарасын кеңейту болды. Денсаулықты сақтау негіздері: •дұрыс тамақтану; •спортпен айналысу; •жеке гигиена; •түрлі қатайту әдістері; •зиянды әдеттерден бас тарту. Денсаулық – тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның да асыл байлығы. Денсаулық біздің жоспарларымызды жүзеге асыруға, өмірдегі басты мақсаттарымызды орындауға және қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Дұрыс сақталып, нығайтылған денсаулық адамға ұзақ та белсенді өмір сүруге мүмкіндік береді. Адамның зиянды әдеттерге бой алдыруы, мысалы, темекі шегу, спирттік және энергетикалық сусындарды қолдану, ақырында денсаулығының бұзылуына әкеледі. Әңгіме барысында 2024 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға сатуға тыйым салатын заңға қол қойғаны туралы ақпарат берілді. Энергетикалық сусындар — құрамында кофеин және оны қамтитын өсімдіктер (өсімдік сығындылары), таурин, гуарана, мате, сондай-ақ дәрілік өсімдіктер мен олардың сығындылары, ағзаға кері әсерін тигізетін заттар мен қоспалардан тұратын «алкогольсіз және аз алкогольді сусындар». Энергетикалық сусындарды үнемі тұтыну бас ауруы, әлсіздік, паникалық шабуылдар, алаңдаушылық, тітіркенгіштік, бас айналу, діріл, сананың шатасуы, психоз, құрысулар сияқты көптеген жағымсыз белгілерді туындатуы мүмкін. Сондықтан медбике А.К. Капарова жастардың әлі толық қалыптаспаған ағзасы бірінші кезекте жүрек пен жүйке жүйесіне кері әсер ететінін түсіндірді. Студенттер іс-шараға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды. Біз олардың энергетикалық сусындардың адам ағзасына теріс әсері туралы алған білімдерін түсініп, осы өнімдердің зияны жөніндегі мифтерін жойғанына сенеміз. Әңгіме соңында студенттер денсаулықтың әрқайсымыздың біліміміз бен саналы таңдауымызға байланысты екендігін қорытындылады.



Текст
Виртуальная приемная